Батыс Қазақстанда «Бекіре-2012» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 76 заңбұзушылық тіркелді
ОРАЛ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 10 сәуір мен 31 мамыр аралығында өткізілген «Бекіре-2012» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 76 заңбұзушылық тіркелді.
Облыстық ішкі істер депаартаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, шараға байланысты өңірде 6 мамандандырылған топ құрылып, 4 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды. Шараға ішкі істер органдарынан 23, облыстық балық инспекциясынан 4 қызметкер, 7 техника, 3 жүзу құралы қатыстырылды.
Заң бұзушыларға қатысты 38 әкімшілік хаттама толтырылып, 184452 теңге айыппұл салынып, соның 58248 теңгесі өндірілді. Сотқа 31 материал жіберіліп, 129440 теңгеге айыпплұ салынды, 13-і қаралу үстінде.
Заңсыз балық аулаушылардан 4590 келі қара балық, 125 ау, 8 жүзу құралы тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 49247 теңгені құрады.