Батыс Қазақстанда бір күнде екі адам суға кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда бір күнде екі адам суға кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 20 шілде күні сағат 15.00-де Тасқала ауданы Тасқала ауылында 2008 жылғы жасөспірім Деркөл өзеніне батып кетті.

Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен. Баланың денесін құтқарушылар (4 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) сағат 17.40-та алып шықты.

Тағы бір оқиға 20 шілде күні Оралға қарасты Деркөл ауылында болды. 1960 жылғы ер адам сағат 20.30-да белгісіз жағдайда Деркөл өзеніне батып кеткен. Оның мүрдесін құтқарушылар (4 қызметкер, 1 техника) сағат 21.20-да судан шығарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тағы үш адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.