Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жол жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 22 ақпан күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент күре жолында (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.

Жабылу себебі - Ақтөбе облысында бұрқасын, боран.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты республикалық жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.