Батыс Қазақстанда бұрқасынға байланысты бірнеше жол жабылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бұрқасынға байланысты бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, республикалық маңызы бар Атырау-Орал (492-189 км, Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін), Самара-Шымкент (195-526 км, РФ шекарасынан Ақтөбе облысына дейін), сондай-ақ Подстепный-Федоров-РФ шекарасы (3-144 км, Подстепный ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі - жаяу бұрқасын.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға хабарлама жіберуде.
Сонымен қатар ауа райы 5 қаңтар күні де қолайсыз болмақшы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.