Батыс Қазақстанда дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысы филиалының мәліметіне қарағанда, 10-11 мамыр күндері өңірдің кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Орал қаласында да желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнауы мүмкін.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 28 сәуір күні Батыс Қазақстанда күшті жел 14 ғимараттың шатырын жұлып әкеткенін және екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.