15:57, 04 Мамыр 2017 | GMT +5
Батыс Қазақстанда дауыл тұрып, жел күшеймек
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, өңірдің кей жерлерінде 5 мамыр күні солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау аға лейтенанты Роллан Нұржановтың айтуынша, Орал қаласында желдің екпіні 18 метрге дейін жетпек. Осыған байланысты облыста ескерту жарияланып, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс желілерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар алынуда.
Айта кетейік, күннің ысуына байланысты өңірде өрт қаупі де күшейіп тұр.