Батыс Қазақстанда екі бірдей құқық қорғау қызметкерінің ісі сотқа берілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы Д.Рахметов Р.Тоқтамышев деген азаматтан қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 50 мың теңге көлемінде пара алып, ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті қызметкерлерінің қолына түскен. Ал БҚО ішкі істер департаменті қызметкері Ж.Қалиев С.Тұрманов деген азаматты қылмыстық іске тартамын дей отырып, оны алдап, 100 мың теңгесін алған. Оны аталмыш департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері құрықтаған болатын. Сонымен құқық қорғау қызметкерінің бірі қызмет бабын асыра пайдаланып, бопсалау жолымен пара алғаны үшін айыпталса, екіншісі алаяқтығы үшін жауапқа тартылып отыр.