Батыс Қазақстанда ер адам суға батып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда ер адам суға батып кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінде болды.

2 шілде күні 2-Шежін ауылынан 50 шақырым жерде шамамен сағат 10.00-де жасы 30-40-тардағы азиат пішіндес ер адам белгісіз жағдайда жасанды су қоймасына батып кеткен. Ол киімшең күйінде болған.

Марқұм сағат 17:15-те жедел құтқару жасағының күшімен (4 құтқарушы, 1 жүзу құралы, 1 техника) судан шығарылды.

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі кезде ер адамның кім екендігі анықталу үстінде. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осымен өңірде жыл басынан бері 12 адам суға кетсе, соның төртеуі - кәмелетке толмағандар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Шаған өзеніне ағып бара жатқан жасөспірім құтқарылғанын жазған болатынбыз.