Батыс Қазақстанда ер адам суға кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ер адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қалаға қарасты Серебряков кентіндегі Сәт көлінен 1961 жылғы ер адамның денесі 30 маусым күні таңертең сағат 9.00-де шығарылды.
Ол суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылып жүріп, 29 маусым күні сағат 9.00-де кетіп қалған. Марқұмның денесі бір тәуліктен кейін табылды. Оны жедел құтқару жасағының 4 қызметкері 1 техника және бір жүзу құралының көмегімен шығарды.
Айта кетейік, өңірде күн қатты ысып тұр. Бұдан бұрын аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.
Күн ыстық болғаннан суға түсушілердің көбейетіні белгілі. Бірақ сақтық шараларын ұмытуға болмайды.