Батыс Қазақстанда есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес айлығы өткізілуде

ОРАЛ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің 1-інен бастап есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес айлығы өткізілуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айлық барысында осы кеселдің алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастырылып, рейдтер жүргізілмек. Өкінішке қарай, есірткі айналымына қатысты қылмыстар өңірде көбеймесе, азайып отырған жоқ. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, тек биылғы жеті айда осы қылмысқа байланысты 228 құқық бұзушылық тіркеліп, есірткі сатқаны үшін 96 қылмыстық іс қозғалды. Бір ұйымдасқан қылмыстық топ, екі есірткі ұясы әшкереленді. Осы кезеңде 17 килә 617 грамм есірткі заттары тәркіленсе, соның 5 килә 353 грамы - героин, 12 килә 264 грамы марихуана болып отыр. Мұндай қылмыс соңғы уақытта да бәсеңсімей, қыркүйек айы басталғаннан бері Оралда бірнеше адам есірткімен ұсталып үлгерді.

Нашақорлықпен күресті, әсіресе, жастар арасында ширата түсу қажеттігі күн тәртібінен түспек емес. Соған байланысты айлық жастар форумымен қорытындыланбақ.

Соңғы жаңалықтар