Батыс Қазақстанда газ бағасы қымбаттады
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында газ бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалынан мәлім еткеніндей, биылғы 1 шілдеден бастап қосымша құн салығын қоса есептегенде, 1 текше метр үшін тауарлы газдың бағасы тұрғындар үшін 20,06 теңге болды.
Сондай-ақ бюджеттік ұйымдарға – 24,03, басқа заңды тұлғалар үшін 23,86 теңге көлемінде белгіленді.
Ал мемлекеттік арнайы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын тұрғындар әр текше метрге 16,05 теңгеден төлейді.
«Тарифтің өсуі тауарлы газдың көтерме саудада өткізу бағасының 15 пайызға көтерілуіне байланысты болып отыр», деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындар осы кезге дейін әр текше метрге 18,80 теңгеден төлеп келген еді.