Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарларда 630-ға жуық науқас емделіп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1 459 төсектік 20 инфекциялық стационарда 629 науқас коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ауруханалар 43,1 пайызға толған. Соның ішінде Орал қаласында 911 төсектік 7 стационарда 513 адам (56,3 пайыз) ем қабылдауда.

Жансақтау бөлімшелерінде 109 төсек болса, оларда 32 науқас (29,4 пайыз) орналастырылған. Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 7,5 пайызға (74 адамға) кеміді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 1 964 баладан коронавирус анықталса, соның 1 878-і емделіп шықты. 86-сы емделу үстінде.

Індет басталғаннан бері облыста 33 416 науқас, соның ішінде 24 195-і биылғы 1 қаңтардан бері тіркелді. Солардың 25 541-і жазылып шықты. 632-сі көз жұмды. Тек соңғы аптада 36 науқас коронавирустан қайтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Sinopharm компаниясының вакцинасы жеткізілгенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар