Батыс Қазақстанда ірі және орта кәсіпорындардың мерзімі өткен берешегі 2417,6 млн. теңгені құрады
ОРАЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша ірі және орта кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 2417,6 млн. теңгені құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде жалақы қарызы - 24,6 млн. теңге. Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысандары биылғы он айда өндірген өнім көлемі өткен жылғыдан 3,2 пайызға көбейіп, 366,3 млрд. теңгеге жетті. Осы нысандарда жұмыс жасайтындар саны 0,2 пайызға өсіп, 71,7 мың адамды құрады.