Батыс Қазақстанда кәсіпорындар берешегі 2515,0 млн. теңгені құрады
ОРАЛ. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биылғы 1 тамызға өңірдегі ірі және орта кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 2515,0 млн. теңгені құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде 45,3 млн. теңге - жалақы қарызы. Облыста биылғы жеті айда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім көлемі өткен жылғымен салыстырғанда, 0,3 пайызға көбейіп, 197,418 млрд. теңгеге жетті. Аталмыш салада жұмыс істейтін саны - 91038, бұл 4,6 пайызға артық.