Батыс Қазақстанда қажетті мал азығының 70 пайыздан астамы дайындалды
ОРАЛ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қажетті мал азығының 70 пайыздан астамы дайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Қали Ақонның айтуынша, биыл өңірде барлығы 987 мың тонна мал азығы дайындалуы керек болса, қазіргі қарқын жаман емес.
Тек Қазталов, Жәнібек және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігінде ғана қиындық бар. Бұларға облыстың солтүстік аудандарынан құрамажем дайындауға мүмкіндік бар.
Өңірде үш жылдан бері мал басы екі жүзден кем емес, ірі шаруашылықтарға жанар-жағармай шығынының 50 пайызын жабу үшін субсидия бөлініп келеді. Өткен жылы 47 млн. теңге игерілсе, биыл бұл мақсатқа 55,6 млн. теңге бөлінді.