Батыс Қазақстанда «Көкнәр-2009» жедел алдын алу шарасы барысында 42 киләдан астам есірткі заттары тәркіленді

ОРАЛ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында мамырдың 30-ы мен қазанның 30-ы аралығында жүргізілген «Көкнәр-2009» жедел алдын алу шарасы барысында 42 кг 179,2415 грамм есірткі заттары заңсыз айналымнан алынса, соның 42 кг 136,69 грамы - марихуана, 37,4215 грамы героин болып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осы кезеңде 132 құқықбұзушылық тіркелсе, соның 43-і - әкімшілік, 89-ы қылмыстық іске жатады. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 61 адам ұсталып, 104 нашақор есепке алынды. 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында Зеленов ауданы Трекин ауылы маңында жабайы сораның 26 гектар жерге өсірілгені анықталды. Оның жалпы салмағы 4 тонна 160 киләні құрады. Жерді жалға алған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Орал қаласында тұратын К. деген азаматтың үстінен ҚР ҚК 259-бабы 2-бөліміне сәйкес 30 кг 026,11 грамм кептірілген марихуана мен 3,22 грамм героинді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар