21:22, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда қос ауылда төрт бірдей нысан ашылды
ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданы Мичурин мен Махамбет ауылдарында желтоқсанның 21-інде төрт бірдей нысан ашылып, оған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мичурин ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге «Жол картасына» сәйкес 27,3 млн. теңге жұмсалып, 48 адам жұмысқа тартылды. Сондай-ақ осы ауылда 10 несиелік үй іске қосылды. Әр үйдің құны - 6,074 млн. теңге.
Махамбет ауылында аумағы 2 мың шаршы метр жылыжай пайдалануға берілді. Мұны «Алтын болашақ» шаруа қожалығы (басшысы Еркін Насыров) іске қосты. Махамбетте бой көтерген «Қазпошта» ғимаратының құрылысына 10,7 млн. теңге жұмсалды. Мердігері - «Лобасов» ЖК.