Батыс Қазақстанда қос бірдей басқарманың басшысы ауысты (ФОТО)

Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов қос басқарма ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырып, олардың қызметіне сәттілік тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.С.Өксікбаев 1976 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 1999 жылы Орал құрылыс техникумын, 2005 жылы Самара мемлекеттік сәулет-құрылыс университетін техник-технолог, өндірістік-азаматтық құрылыс инженері мамандықтары бойынша бітірген. 1999 жылы «Металлист» зауытында құрылыс-жөндеу бөлімінің ұстасы болып еңбек жолын бастаған Арман Серікұлы содан бері құрылыс саласында еңбек етіп келеді. Соның ішінде 2011-2013 жылдары Орал қаласы құрылыс бөлімінің бастығы, 2013 жылдан БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.
М.М.Сатқанов 1977 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2000 жылы Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін экономист мамандығы бойынша бітірген ол 2001 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып еңбек жолын бастады. Содан кейін Миржан Мұнайдарұлы БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, осы мекеме бастығының орынбасары болды, басқа да қызметтерді атқарды. 2013 жылдан Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.