Батыс Қазақстанда көтерме сауда көлемі 59,6 млрд. теңгеге жетті

ОРАЛ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда көтерме сауда көлемі 59,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 16,8 пайызға асып түсті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, барлық тауар айналымының көлемі мемлекеттік емес саланың үлесіне тиесілі.  Жеке кәсіпорындар 57,9 млрд. теңгенің (97,1%), басқа елдердің заңды тұлғалары мен азаматтары 1,7 млрд. теңгенің (2,9%) көтерме тауарын өткізді.

Ірі және орта кәсіпорындар 12,4 млрд. теңгенің (20,8%), шағын кәсіпорындар 46,9 млрд. теңгенің (78,7%), жеке кәсіпкерлер 0,3 млрд. теңге нің (0,5%) тауарын сатты.

Жыл басынан бері өндірілген қазақстандық тауарлардың үлесі 10,3%-ды  құрады.

Соңғы жаңалықтар