Батыс Қазақстанда күшті жел тұрады деп болжануда - Қазгидромет

ТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең Батыс Қазақстанда циклонның ықпалынан күшті жел тұрады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда,

Батыс Қазақстанда күшті жел тұрады деп болжануда - Қазгидромет

деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады деп күтілуде. Метеорологтардың болжамына қарағанда, басқа аумақтарда бұрынғыдай жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және Қазақстанның шығысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанда ертең көшпелі бұл шығады деп күтілуде, жауын-шашынсыз. Оңтүстiк-шығыстан 5-10 м/с. жел тұрады. Температура түнде +12+14, күндiз +25+27 градус.