08:58, 24 Қазан 2019 | GMT +6
Батыс Қазақстанда монша кешені өртенді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында монша кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Жайық ауылында болды.
Сағат 11.24-те «Русские бани» монша кешенінің өртенгені жөнінде хабар түскен.
Осы ауданда орналасқан №22 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушілері жеткен кезде аталмыш кешенде №7 моншаның (35 шаршы метр) және №8 моншаның ішінара (15 шаршы метр) төбесі жанғандығы анықталды. Соған байланысты №2 және №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінен қосымша күш шақырылды.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 9 адам, 3 техника жұмылдырылды.
Өрт 12.04-те оқшауланып, 12.17-де сөндірілді.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.