Батыс Қазақстанда облыстық маңызы бар 10 жол жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында облыстық маңызы бар 10 жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда облыстық маңызы бар 10 жол жабылды

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 19 наурыз күні жергілікті сағат 22.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (0-159 км), Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Приурал-Ақсай (0-35 км), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Орал-Кирсанов (1-83 км), Барбастау-Ақжайық-Нидербор (0-108 км), Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км), Аңқаты-Сарыөмір (0-64 км), Федоров-Ақсай (0-82 км), Ақсай-Шыңғырлау (15-86 км) жолдарында барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.

Жабылу себебі – қатты бұрқасын, жолдың көрінуі нашар.

Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ҚазАқпарат тілшісіне төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Самара-Шымкент жолында бірнеше автокөлік соқтығысып, жүргізушінің жарақат алғанын жазған болатынбыз.