Батыс Қазақстанда он жасар бала суға кетті

ОРАЛ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінде он жасар бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда он жасар бала суға кетті

Ол Сырым ауданынан ата-анасымен бірге суға түсуге барған екен. БҚО-да осымен оныншы бала «тілсіз жаудың» құрбаны болып отыр.

Өңірде жалпы суға кеткендердің саны 33-ке жетті.