Батыс Қазақстанда орман өрті кезінде он адам құтқарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында орман өрті кезінде 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бәйтерек ауданы Трекин және Володар ауылдары арасында Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында өрт шықты.

Шамамен 8 гектар алқапта құрғақ шөп және 5 гектар орман отқа оранды.

Бүгін де өңірде күн өте ыстық, температура тілі 35 градусты көрсетіп тұр.

Оқиға орнынан 10 адам құтқарылды, бұлардың 9-ы - балалар.Олар Жайық өзенінде қайықпен жүзіп жүрген.

Қазіргі кезде өртті сөндіруге ТЖ департаменті (22 қызметкер, 5 техника), орман шаруашылығы мекемесі (5 қызметкер, 2 техника), ерікті өрт сөндіру құрылымы (5 қызметкер, 2 техника) жұмылдырылған.

Сағат 17.20-да өрт Жайық өзені арқылы Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіне ауысты. Мұнда шамамен 5 гектар құрғақ шөп пен 3 гектар орман өртеніп жатыр.

БҚО ТЖ департаментінде жедел штаб жұмыс жасап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 9 үйдің қора-қопсысы өртеніп, қысқа әзірленген 64 тонна шөптің тек күлі ғана қалды.


Соңғы жаңалықтар