Батыс Қазақстанда пара беру мен алуға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті пара беру мен алуға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғады,

Батыс Қазақстанда пара беру мен алуға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің аға маманы құжат рәсімдеуді тездету үшін бір ЖШС менеджерінен 5 мың теңге көлемінде пара алған. Қалған екі іс пара беруге қатысты. К. деген азамат қаржы полициясы қызметкеріне әкімшілік жауапқа тартпауы үшін 5 мың теңге ұсынған. Ал балабақша бухгалтері сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп кету фактісі бойынша тергеуалды тексеруді «оң» шешу үшін қаржы полициясы инспекторына 50 мың теңге ұстатқан.