Батыс Қазақстанда республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 9 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) автожолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Жабылу себебі - қатты боран, көктайғақ.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты жүк көліктері жолда қалғанын жазған болатынбыз.