Батыс Қазақстанда сайлаушылардың 28,6 пайызы дауыс берді

ОРАЛ. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бүгін сағат 10.00-ге дейін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 28,6 пайызы дауыс берді.

Батыс Қазақстанда сайлаушылардың 28,6 пайызы дауыс берді

Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абай Хамзин хабарлады.

Абай Хамзиннің айтуынша, облыста барлығы 390642 сайлаушы тіркелсе, соның 111722-сі дауыс беріп үлгерген. Өңірде барлығы 526 сайлау учаскесі жұмыс жасауда.