Батыс Қазақстанда сот актілері толық көлемде орындалмай отыр

ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда сот актілері толық көлемде және сапалы орындалмай отыр.
None
None

Бұл туралы облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаевтың төрағалық етуімен өткізілген прокуратураның алқа мәжілісінде айтылды.

Сот актілерінің уақтылы орындалмайтыны өз алдына, атқарушы өндіріс органының лауазымды адамдары бірнеше рет сыбайлас жемқорлыққа да барған. Айталық, Приурал аумақтық учаскесінің сот орындаушысы М.Құбаев сыбайлас қылмысы үшін сотталса, бірқатар сыбайлас және лауызымдық қылмысқа жол берген бұрынғы облыстық сот әкімшісі А.Өтегеновтің ісі қазір Орал қалалық сотында қаралуда. Бөрлі аумақтық учаскесінің сот орындаушысы А.Ищанова да сот үкімімен кінәлі деп танылса, жәнібектік сот орындаушысы А.Хамиеваның борышкерлерден өндірілген алименттің ақшасын өзі алғаны анықталды.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша БҚО сот әкімшісі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің атына ұйғарым енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар