21:35, 01 Мамыр 2020 | GMT +5
Батыс Қазақстанда студент қыз коронавирустан емделіп шықты
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, Оралда тұратын студент қыздың жағдайы қанағаттанарлық.
Бақылау сынамасы оның коронавирустан жазылғандығын көрсетті.
Осылайша БҚО-да емделіп шыққандар саны 10-ға жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 6 адамның бәрі де медицина қызметкері екендігін, Оралда емделіп жатқандар дәрігерлерге бағынбай, өз бетімен үйге кетіп қалмақ болғанын, коронавирус жұқтырғандар арасында дәрігерге бағынбайтын бірнеше емделушінің бар екендігін жазған болатынбыз.