Батыс Қазақстанда тағы бір адам суға кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы бір адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда тағы бір адам суға кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Ақжайық ауданы Тайпақ ауылынан 9 шақырым жерде Жайық өзенінде орын алды.

2000 жылғы жігіт шомылуға тыйым салынған жерден суға түсіп, сағат 12.00-де батып кеткен. Құтқарушылар марқұмның денесін сағат 21.10-де өзеннен шығарды.

Осымен өңірде суға кеткендер саны 26-ға жетті, соның жетеуі – балалар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын екі күнде үш баланың суға кеткенін жазған болатынбыз.