Батыс Қазақстанда тағы бір оқушы суға батып кетті
ОРАЛ. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауылында 10-сынып оқушысы суға батып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқушы Сарыөзеннің суға шомылуға болмайтын жеріне барған.
Бұл - осымен биыл Батыс Қазақстанда суға кеткен төртінші адам. Бұдан бұрын сәуір айында Орал қаласында ер адам тілсіз жаудың құрбаны болса, мамырда Жаңақала ауданы Мәстексай ауылында екі оқушы сол Сарыөзенге батып кеткен болатын.