Батыс Қазақстанда тағы бір оқушы суға кетті

ОРАЛ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Шілденің 7-сінде Жайық өзеніне шомылу кезінде 2001 жылғы Эльсавар Сейфалов суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
None
None

Орал қаласында тұрған төртінші сынып оқушысы судан құтқарушылар күзетпейтін жерден суға түскен.

Биыл өңірде барлығы 22 адам суға кетсе, соның ішінде балалар да аз емес. Бұдан бұрын жаз басында Жаңақаланың Мәстексайында екі бала, Қазталовта бір оқушы тілсіз жаудың құрбаны болса, маусымның 29-ында Бударин каналында он бір жасар қыз бала суға кеткен еді.

Орал қаласындағы негізгі жағажайлар мен Шалқар көлін бақылауға төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен қатар полицей жасақтары да белсене қатысуда.

Соңғы жаңалықтар