Батыс Қазақстанда төрт күнде 700-ге жуық адамнан коронавирус табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт тәулікте 690 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 466-сында, яғни басым бөлігінде ауру белгілері болса, 224-інде симптомсыз өтуде.

Соның ішінде ЖРВИ белгілерімен тексерілген 382, бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған 162, профилактикалық мақсатта қаралған 130, стационарға жатқызар алдында сынама алынған 16 адамнан індет анықталды.

Сырқаттанғандардың 449-ы Орал қаласы, 82-сі Бәйтерек, 60-ы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Індет басталғаннан бері 18613 адам тіркелсе, соның 14602-сі сауығып шықты. 272 науқас көз жұмды.

Барлық ауырғандардың 10798-і Оралда, 2000-ы Бөрлі, 1929-ы Бәйтерек ауданында анықталған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда сәуір айында 3 мыңға жуық адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар