Батыс Қазақстанда трактор өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында трактор өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 тамыз күні сағат 22.25-те болды.

Чапаев-Жалпақтал жолының 142-шақырымында трактор өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Жүріп келе жатқан «МТЗ-80» тракторының мотор бөлігі жанған.

Өртті сөндіруге 3 адам, 1 техника барды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өрттен 100-ден астам малдың қырылып қалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар