Батыс Қазақстанда тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 4 қаңтар күні өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Орал қаласында 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралардың алынып жатқанын хабарлады.