Батыс Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 8 қараша күні өңірдің кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Орал қаласында да күндіз жел күшейіп, екпіні секундына 18 метрге жетпек.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандар, электр және байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралардың алынып жатқанын жеткізді.