Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Мереке Жұмағалиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 2 сәуір күні Ақжайық ауданы Чапаев ауылында болды.

Сағат 20.07-де Щурихин көшесі 12-мекенжайында жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Аумағы 80 шаршы метр тұрғын үй, соған жапсарлас орналасқан 48 шаршы метр гараж және Lifan автокөлігі өртенген.

Жалпы аумағы 128 шаршы метрді қамтыған «тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 11 адам 2 техникамен жұмылдырылды.

Өрт сағат 20.47-де оқшауланып, 21.28-де толықтай сөндірілді.

Ауыл адамдарының сөзіне қарағанда, бір отбасының бүкіл дүние мүлкі мен құжаттары түгел жанып кеткен.

Қазіргі кезде тұрғындар Азбантаевтар отбасына қолдау көрсетіп, есепшотқа қаржы аударуда.


Соңғы жаңалықтар