Батыс Қазақстанда «Заңсыз келуші-2012» жедел алдын алу шарасы өтуде

ОРАЛ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер аумағында үшінші елдер азаматтарының заңсыз көшіп-қонуына және адам  саудасына тосқауыл қою мақсатында Батыс Қазақстан облысында 14-20 мамыр

Батыс Қазақстанда «Заңсыз келуші-2012» жедел алдын алу шарасы өтуде

күндері аралығында «Заңсыз келуші-2012» бірлескен жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, екі күннің ішінде Қазақстан Республикасында жүріп-тұру тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 394-бабына сәйкес 251 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шақырылған шетелдіктермен Қазақстан Республикасында жүріп-тұру тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБК 395-б.) Қазақстан Республикасының 24 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шетел жұмыс күштерін қолдану тәртібін бұзғандары үшін (ҚР ӘҚБК-нің 396-б.) жұмыс беруші 18 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде мемлекет шекарасынан заңсыз өтудің (ҚР ҚК 330-б.) 1 қылмыстық фактісі анықталды.

Қабылдап-тарату орнына төлқұжаты жоқ 1 шетелдік орналастырылды. Іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды.