Батыс Қазақстанда жас жігіт суға батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 маусым күні Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде болды.

Сағат 09.50-де 1994 жылғы жігіт шомылуға жабдықталмаған жерде Көшім каналына түсіп, батып кеткен.

Марқұмның денесі БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының (6 адам, 1 техника, 1 жүзу құралы) күшімен сағат 11.17-де судан шығарылды.

Биыл осымен Батыс Қазақстанда 9 адам суға кетсе, соның екеуі – бала.

БҚО ТЖ департаменті суға түскенде, қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керектігін тұрғындар есіне салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жүргізушінің Жайық өзеніне батып кеткенін, Оралда кішкентай баланың 5-қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар