Батыс Қазақстанда жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 6 мамыр күні кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға СМС хабарламалар жіберуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.
Оралда бүгін де күн желкем, жауын-шашынды болып тұр.