Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнгі сағат 01.55-те Орал-Атырау жолының 180-шақырымында орын алды.

Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан аударылған автокөлікте үш адам болған.

Чапаев трассалық медициналық-құтқару бекетіне мәлімет түсісімен құрамында фельдшерлер Бекболат Құрманғалиев, Райымбек Тыныбеков, құтқарушы-санитар Нұрлыбек Мұратов және құтқарушы-жүргізуші Құдайберген Есенов бар жедел көмек көрсету бригадасы оқиға орнына аттанды. Бригада зардап шеккен үш адамға, соның ішінде бір балаға жедел медициналық жәрдем көрсетіп, оларды Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, екі ер адам, 8 жасар баланы дәрігерлер қараған. Содан кейін олар амбулаторлық ем алуға жіберілген.


Соңғы жаңалықтар