Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 561 жұмыс орны ашылды

ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жыл басынан бері 561 жұмыс орны ашылды,

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 561 жұмыс орны ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Соның 181-і ? білім беру мен денсаулық сақтау, 163-і ? құрылыс пен коммуналдық шаруашылық, 85-і өнеркәсіп саласының үлесіне тиеді. Бір айда жұмыспен қамту органдарына 1303 адам өтініш білдірсе, соның 802-сі ауыл тұрғындары болып отыр. Осы мерзімде 796 адам жұмысқа орналасты. Ақпанның 1-інде есепте тұрған жұмыссыздар саны 3012-ні құрады, бұл өткен жылғыдан 16 пайызға кем.