Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 7 мың адам коронавирус жұқтырды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 7 098 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, соның 3 775-інде ауру белгілері болса, 3 323-і – симптомы жоқтар.

Соңғы тәулікте 115 адамнан індет табылды.

Облыста COVID-19 диагностикасы бойынша 14 зертхана жұмыс істеуде. Соңғы тәулікте 2 037 зерттеу жүргізілді.

Қазіргі таңда 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 351 науқас емделуде. Соның 328-і Орал қаласында 578 төсектік 8 стационарда жатыр.

Жансақтау бөлімшесіндегі 19 адамның 16-сы ауыр, үшеуі аса ауыр халде. Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 3, инвазивті емес осындай құрылғыға 4, оттегі концентраторына 12 адам қосылған.

Өңірде 1959 резервтік төсек-орын (1084-і инфекциялық, 875-і карантиндік) әзірленді.

Облыста 167 мониторингтік топтар жұмыс жасап жатыр. Жыл басынан бері 112 рейд кезінде 520 ұйым қамтылды, 2 карантин талабын бұзушылық тіркелді.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, 266 414 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 64,3 пайызы) бірінші, 249 011-і (60,1 пайыз) екінші компонентпен егілді.

Сондай-ақ 42 854 адам ревакцинациядан өтті. 8 568 адам Pfizer вакцинасын салдырса, соның 300-і – жүкті, 3 850-і – бала емізетін әйелдер, 4 418-і – жасөспірімдер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 266 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар