Батыс Қазақстанда жылқы түлігін өсіруге ерекше мән берілуде

ОРАЛ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өнімділігі жоғары жылқы түлігін өсіруге ерекше мән берілуде.

Батыс Қазақстанда жылқы түлігін өсіруге ерекше мән берілуде

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Шағуан Ибрагимовтің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ет өндіру, әсіресе, жыл­қы етін өндіру - экономикалық жағынан тиімді де арзан әдіс. Көшім, мұғаджар тұқымдары біз­­де аудандастырылған тұ­қым­дар болып саналады. Об­лыс­­та өнімділігі жоғары жыл­қы­лар­­ды өсіруге үлкен мән берілуде.

Биылғы жыл басында өңірде 89,8 мың жылқы тіркеліп отыр, ол өткен жылғы 1 қаңтармен салыс­тырғ­анда 11,8 пайызға артық. Соған орай құлын алу 17,9 пайызға көбейді. Облыс бойынша 8 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді, соның үшеуі зауыт мәртебесіне ие. Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу үшін көптеген шаруашылық жылқы малын асылдандыру жұмыстарын жүр­гізуде.

Мал шаруашылығында ірі қара малын дамытуға мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуде. Осындай қолдау жылқы және қой шаруашылықтарына қажет.

Отарлы мал шаруашылығын қалпына келтіру, соның ішінде жайылымдық жерлерді қол­дануды кеңейте отырып, қой шаруашылығын дамыту бағы­ты бойынша облыстағы оңтүстік аудандардың мүм­кіншіліктері зор. Сондықтан қой шаруашылығын дамыту мақсатында 2012-2022 жыл­­дарға арналған тұжы­рым­да­ма жасақталды. Аталған тұжы­рымдама бойынша 2022 жылға дейін қой санын 936,0 мың басқа, соның ішінде саулықты 599,1 мың басқа жеткізу көз­делуде. Жемшөп өндіру саласын дамыту, шалғайдағы жайылымдарды қалпына келтіру, суландыру, құдықтарды, ұңғымаларды іске қосу жұ­мыстарын үйлестіру және кешенді түрде жүргізумен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Облыс бойынша 3154 түрлі құдық болса, соның ішінде 1401-іне және 490 тоғанның 119-на жөндеу қажет екені анықталды. Шалғайдағы жайылымға 349 үй, 502 дана күн батареялары керек. Облыс көлемінде 4 млн. гектардан астам суландырылатын жайылым жері анықта­лды, соның 316 мың гектары су­ландыруды қажет етеді. Со­ған орай ҚР Ауыл шаруашылы­ғы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетіне қажетті құжаттар ұсынылды.