Батыс Қазақстанның оқу орындарында Азия ойындарына арналған жарыстар өткізілуде

ОРАЛ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанның оқу орындарында Азия ойындарына арналған жарыстар өткізілуде.
None
None

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер универистетіне қарасты ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде «Көңілді старттар» ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген университет құрылтайшысы, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімовтің атап өткеніндей, Азиада алауы эстафетасы Орал қаласы халқына да көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Азиада алауын алып жүрушілердің бірі болуым мені қуанышқа бөлейді. Азия ойындары және басқа үлкенді-кішілі жарыстар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мұның бәрі - ел мерейі», деді ол.

Жастар «Көңілді старттарда» қаппен секіру, теннис добын қасықпен алып жүгіру сынды ойындарға белсене қатысып, жеңгендері марапатқа ие болды.

Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінде спартакиада Азия ойындарына арналды. Оқу орнында волейбол, үстел теннисі, нысана көздеу сынды спорт түрлерімен қатар тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар да даму үстінде. Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тамара Бәйменованың сөзіне қарағанда, осы орайда жаңа спорттық жабдықтар сатып алынып, спорт залы күрделі жөндеуден өткізілген. Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын орнықтыруға да оң әсер етпек.

Соңғы жаңалықтар