Батыс Қазақстанның студенттері мен кеденшілері Кеден одағы аясындағы жұмыстардың басымдықты бағыттарымен таныстырылды
bsp; Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар ұжымымен және студенттерімен кездесті.
Кездесу Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы аясында өтті, деп хабарлады Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.
Кеден ведомствосының басшысы Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау аясында еліміздің кедендік органдарының алдында тұрған жұмыстар туралы әңгімелеп берді, Ресей, Беларус және Қазақстанның Кеден одағы аясындағы қазақстандық кеденнің жұмыстарының басымдықты бағыттарына тоқталды, мемлекетіміздің кеден саясатының негізгі бағыттары бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.
Бас кеденші сапар барысында сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің жеке құрамымен кездесті.