«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автожолының құрылысына қажетті 9 мың жер телімі 9 млрд. теңгеге сатып алынады - Ә.Құсайынов

усымның 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автожолының құрылысына қажетті 9 мың жер телімі 9 млрд. теңгеге сатып алынады. Қазіргі уақытта сатып алу үдерісі жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов BNews.kz порталында «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» жобасының жүзеге асырылу барысы» тақырыбында өткен он-лайн конференция барысында мәлім етті.
None
None

Министрдің атап өтуінше, негізінен аталған жолдың құрылысына қажетті барлық жер телімдерінің басым бөлігі қазіргі қолданыстағы жолдарды басып өтеді. «Яғни біз жер телімдерін сатып алуды мүмкіндігінше төмендеттік», дейді министр.

Ал жер телімдерінің бағасы арнайы жасақталған комиссияның алқа шешімімен анықталатынын атап өткен министр «қазіргі уақытта жекелеген азаматтар тарапынан туындаған мәселерді шешілді деп айтуға болады және біз жоспарлы сатып алуды қамтамасыз етеміз. Бұл шараны барлық жұмыстар басталғанға дейін толық көлемде аяқтаймыз», деді.

Жалпы жол құрылысына қажетті жер телімдері 2120 меншік иесінен 9 миллиард теңгеге сатып алынады.

Соңғы жаңалықтар