«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жобасы аясында Жамбыл облысында 85 шақырымдық жаңа жол пайдалануға беріледі

sp; ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биылғы жылдың аяғына дейін «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» мега жобасы аясында Жамбыл облысында 85 шақырымдық жаңа жол пайдалануға беріледі.
None
None

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Жамбыл облыстық департаментінің директоры Ұлан Алипов айтты.

Департамент директорының айтуынша, жалпы Жамбыл облысы аумағынан жобаның 480 шақырымы өтеді. Қазіргі кезде бұның 263 шақырымында тендер ұтып алған төрт мердігер компания жұмыс істеуде. Ал, қалған 217 шақырым бойынша екі мердігер компания жұмыс істейтін болады. Қазіргі кезде олардың біреуі анықталған, екіншісімен тендерлік жұмыстар жүргізілуде.

Ұлан Алиповтың айтуынша, 480 шақырымдық жолдың 283 шақырымы бірінші санатта, яғни екі жолақта. Ал, 197 шақырымы төрт жолақты болмақ. Жол бойында жаңадан 12 көпір салынбақ. Бұлармен қатар, ауыл шаруашылық техникалары, мал өтетін өткелдер, ауылдық қызмет көрсету орындарын салу жүзеге асырылады. Қазіргі кезде бұл аумақта төрт мердігер компанияның 1084 техникасы жұмыс істеуде. Жұмысты 4257 адам жүзеге асыруда. Оның 27-сі шет елдік, 2 326 адам жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, 1 904 адам басқа облыстардан. Техника мен адам саны болжанғаннан едәуір көп. Соған байланысты төрт учаскеде жұмыстар жоспардан бұрын жүзеге асырылуда.

Жалпы Жамбыл облысы бойынша салынатын жолдың жалпы бюджеті 171,6 миллиард теңгені құрайды. Мердігер компания басшыларының айтуынша, адам саны мен техника жеткілікті. Жұмысшылар үшін вахталық поселкалар, шикізат үшін шағын зауыттар салынған. Жұмысшылар 90-100 мың теңге көлемінде жалақы алады. Ал, салынған жол сапасын шет елдік және отандық компаниялар қатаң бақылайды. Жол салынып біткенге дейін жол сапасын қазіргі кезде бес сатылы тексеруден өткізу көзделген.

Жалпы Жамбыл облысы бойынша өтетін жол белгіленген 2012 жылы аяқталатын болады. Мердігер компаниялар жолды белгіленген мерзім бойынша, барлық талапқа сай етіп бітіретіндерін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар