Батысқазақстандық ақын аймақтық айтыстан бірінші жүлдемен оралды
ОРАЛ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық келісімшартының 20 жылдығы аясында өткен дәстүрлі «Ұшқыр ойлар» атты аймақтық ақындар айтысынан М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты, ақын Жансая Мусина бірінші жүлдемен оралды.
Жансая - талай додада жүлде алған айтыскер.
Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз, Қызылорда облыстарынан 14 ақын қатысқан аталмыш додада бас жүлдені қызылордалық Мұхтар Ниязов иеленді. Екінші орыннан тараздық Ахметжан Өзбеков көрінсе, үшінші орынды шымкенттік Біржан Байтуов пен қызылордалық Ержеңіс Әбдиев бөлісті.