Батысқазақстандық балғын дойбышы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 26 тамыз - 4 қыркүйек аралығында Кранево қаласында (Болгария) дойбыдан жасөспірімдер арасында жекелей-командалық әлем чемпионаты өтуде.
None
None

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы жарыста Оралдағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, он жасар Әнель Дәулетова рапидтен (дойбының бір түрі) қола жүлдеге қол жеткізді. Әнельдің бапкері - Данияр Жұмагелдиев.

 

 

Соңғы жаңалықтар